← Назад к новостям
5-6 сынып оқушыларына арналған І республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі

5-6 сынып оқушыларына арналған І республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі

85mektep
23.10.2020 в 10:08
301 просм.
Нет комментариев

     2020 жылдың 23 қазанында №85 метеп-лицейінде 5-6 сынып оқушыларына арналған І республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиада математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша өткізілді.

     Олимпиада алдында мектеп психологтары А.Т.Рахматуллина, М.Тикей, С.Т. Самкенова оқушылармен «Төзімділікке тәрбиелеу жаттығуларының жиынтығы» атты тренинг ұйымдастырды.       Мақсаты: тренинг жаттығулары арқылы оқушыларды зейінді және жағымды жұмысқа дайындау.

     Жалпы 5 пән бойынша: 20 оқушы қатысты. Математика пәнінен І орынды 5 «А» сынып оқушысы Айтуған Дегдар, ІІ орынды Қазақстан тарихынан 5 «З» сынып оқушысы Искаков Нуртас, ІІІ орынды қазақ тілінен 5 «В» Бейсембай Гүлназ, орыс тілінен 6 «Ж» сынып оқушысы Шишковский Артём, ағылшын тілінен 5 «З» сынып оқушысы Исмагул Елжас пен 5 «В» сынып оқушысы Куанышева Зере, жаратылыстану пәнінен 5  «Ж» сынып оқушысы Төлебай Ерасыл иеленді. І орын иегері Айтуған Дегдар қалалық кезеңге жолдама алды. Дегдарға тек сәттілік тілейміз!

Автор: 85mektep · 23.10.2020
301
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT