← Назад к новостям

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру

85mektep
06.11.2020 в 15:42
411 просм.
Нет комментариев

     2020 жылдың  6 қарашасында   № 85 мектеп-лицейінде орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің қатысуымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру» атты оқыту семинары өтті. Семинарды республикалық тренер, педагог-шебер, қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі Б.С.Нукебаева ұйымдастырды.

     Мақсаты: оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану. Семинар барысында ұстаздар сын тұрғысынан ойлаудың ерекшеліктерін зерделеп, сабақта қолданылатын бірнеше белсенді оқу әдістерін талқылады, кері байланыс жасауды үйренді.

     Өтілген іс-шара  мазмұны жағынан талапқа сай. Семинарға қатысушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіру негізінде тәжірибе алмасты.
 

Автор: 85mektep · 06.11.2020
411
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT