2021 Түлектеріне маңызды ақпарат!
Жоспарланған ең басты өзгеріс тестілеуді компьютерлік форматта өткізу.
Семинарда айтылған компьютерлік тестілеудің басты артықшылықтары:
⁃ Белгіленген жауапты өзгерту құқығы. Қағаз түрінде болса, белгілеп қойған жауабыңызды өзгерте алмайсыз. компьютерлік форматта бұл мүмкіндік бар.
⁃ Өзіңе ыңғайлы күн мен уақыт таңдау құқығы. Өзіңізге ыңғайлы уақытты тест тапсыра аласыз.
⁃ Грантқа жарамды ҰБТ-ны 3 рет тапсыру құқығы. 1 наурыз бен 30 маусым аралығында ҰБТ-ны 3 рет тапсыра аласыз. Біреуі тегін, екеуі ақылы. уайымдамай қайта дайындалып сәл кейінірек тапсырсаңыз
⁃ Ешкім көшіре алмайды. Арнай жабдықталған кабинеттерде өтеді. Әр талапкер үстінде арнайы камера болады. Күмәнді заттарды байқаса немесе артық іс әрекетті байқаса дереу бақылаушыларға хабарлама келеді. Мұны прокторинг жүйесі деп атайды.
⁃ Тест нәтижесі тест аяқтала салысымен шығады. Бұрынғыдай кешке дейін күтудің қажеті жоқ. Тест аяқталғанда нәтижеңіз экранға шығады және қателескен тапсырмалар көрсетіледі.
⁃ 30 мин ішінде апелляция беру құқығы. Бұрын апелляция беру үшін бір күн күту керек еді. Енді сол жерде тест біте салысымен қателескен тапсырмаларды қарап, егер оған келіспесеңіз не үшін келіспейтіндігіңізді жазып жібере аласыз.
Жалпы өзгерістер:
⁃ Оқу сауаттылығы - 20 балл (Өзгеріссіз)
⁃ Қазақстан тарихы - 15 балл (Бұрын 20 балл еді)
⁃ Математикалық сауаттылық - 15 балл (Бұрын 20 балл еді)
⁃ Бейіндік пәндер - 45 баллдан (35 тапсырма) (Бұрын 40 балл - 30 тапсырма еді)
⁃ Тестілеу уақыты азаяды, 205 - 220 мин болады. Бейіндік пәнге байланысты тестілеу уақыты әртүрлі. Есеп шығарып ұзағырақ уақыт талап ететін пәндерге ұзағырақ уақыт беріледі.
⁃ Қаңтардағы ҰБТ қағазбен. Наурыздан бастап электронды түрде болады.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены