Меню KDT
Lesson Study: қолдану теориясы мен практикасы


     26 қыркүйек 2020 жылы  № 85 мектеп-лицейінде Республикалық «Lesson Study: қолдану теориясы мен практикасы» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар Нұр-Сұлтан қаласының Халықаралық мектебінің  биология пәні мұғалімі, педагог-модератор, координатор Л.А.Аянасованың және мектеп тренерлері А.О. Кульжанова,  Б.Т. Шакубаеваның ұйымдастырумен өтті. 
     Мақсаты: Оқытудағы педагогикалық мәселені (оқу мәселесін) анықтау, сабақты зерттеу үдерісін жүзеге асыру жоспарын әзірлеуде қолдау көрсету.
     Іс-шара барысында зерттеу деген не, зерттеу жүргізу кезінде неге көңіл керек екендігі талқыланды.
     Педагогтердің төменде көрсетілген дағдыларын дамыту семинар жұмысының басым бағыттары болып табылды: оқыту проблемаларын ынтымақтастықта шешуді ұйымдастыру, мұғалімдердің командалық жұмысын ұйымдастыру, мектептегі үдерістерді жоспарлау, зерттеу үдерісіне эвалюация жасау (сапаны бағалау).
     Семинар сабақты зерттеу үрдісінің мазмұнының негізгі бағыттарын және  қажетті білім мен дағдыны тереңірек меңгеруге мүмкіндік берді.
     Семинардың нәтижесінде «Сабақты зерттеу» тәсілдері  одан әрі іске асырудың тиімді жолдарын айқындау мен оқыту тәжірибесін жетілдіру құралы ретінде қатысушылардың өзара тәжірибе алмасуына көмектесті.
 
 


Комментариев нет
256 просмотров
Автор: 85mektep
Добавлено: 26.09.2020 в 14:48

Возможно вас заинтересует...!