Меню KDT
Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының қорытындысы туралы ақпарат


Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының қорытындысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 10 қазандағы №440-шы бұйрығын орындау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, қараша айының 3-5 күндері аралығында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) өткізілгенін хабарлайды.
Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Конкурс қашықтықтан онлайн режимде ұйымдастырылды.
Конкурстың қорытынды республикалық кезеңі ережеге сәйкес екі тур бойынша өткізілді. Қатысушылар І тур бойынша Қазақстан тарихы пәнінен www.daryn.kz сайтында онлайн режимде тікелей видео-трансляциямен тест тапсырды. ІІ турда 4 номинация бойынша Zoom платформасында өз жұмыстарын қорғады.
Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан командалар қатысты. Конкурстың аудандық кезеңіне 6658 оқушы, облыстық кезеңіне 1166 оқушы қатысса, республикалық қорытынды кезеңде 88 оқушы бәйгеге түсіп бақтарын сынады.
Қатысушылардың жұмысын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Қ.Сәтбаев Қазақ Ұлттық техникалық университетінің оқытушы ғалымдары бағалады.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 38 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға - 8 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға - 12 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 18 оқушы ие болды. Сонымен қатар, орын алған оқушыларға: бірінші орынға - смарт-сағат, екінші орынға – үстеме құлаққап (накладные наушники), үшінші орынға – «Пауэр Бэнк» зарядтағышы табысталды.
Конкурстың қорытындысы бойынша №25 жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы Макишева Махаббат «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы бойынша жүлделі 3 орынға ие болды. Жетекшілері
: Сералина Жулдыз Ерболатовна және Абдрахманова Жанар Байкеновна.


Комментариев нет
327 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 06.11.2020 в 14:45

Возможно вас заинтересует...!