Мектептің жұмыс жоспарына сәйкес 28.09.20 бастап жаратылыстану-математика ғылымдарының онкүндігі өткізіледі. Дайындық барысында іс-шаралар жоспары жасалды. Іс-шараларды өткізу тәртібі мен мазмұны МҰ отырыстарында талқыланды. Апталықты өткізудің мақсаты білім алушылардың жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқуға деген ынтасының деңгейін арттыру, сондай-ақ жалпы оқу біліктері мен дағдыларын дамыту бойынша жұмысты жандандыру болып табылады. Онкүндік жұмысына 5-11 сынып оқушылары қатысады. Қашықтықтан оқыту кезінде онкүндікті өткізу принципі: әрбір білім алушы аптаның барлық оқиғаларының белсенді қатысушысы болып табылады. Ол өзін әр түрлі рөлдерде және іс-шараларда сынап көре алады. Болжанатын нәтиже: әрбір оқушының өз күшіне, өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сеніміне ие болуы; жеке тұлғаның коммуникативтік қасиеттерін, өзара сыйластықты, сенімділікті, икемділікті, бастамашылдықты, төзімділікті дамыту; белсенді танымдық іс-әрекетке итермелейтін оқытудың саналы себептерін дамыту.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены