Меню KDT
"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы


Мектепке жол” қайырымдылық акциясы

2020-2021 жж. жаңа оқу жылы басталар алдында Елордада әлеуметтік осал топтағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 2020 жылдың 31 қазанына дейін жалғасады.
Акцияға мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттары қатыса алады:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары.

Акцияға қатысқысы келетіндердің барлығына 87055185992, 87474381424 телефондары бойынша лицейдің әлеуметтік педагогіне  хабарласуын сұраймыз.

Акцияның белсенді қатысушылары болуға барлығыңызды шақырамыз!

 


Комментариев нет
158 просмотров
Автор: 82mektep
Добавлено: 24.08.2020 в 14:20

Возможно вас заинтересует...!