Меню KDT
Біздің мектептің сынып жетекшілері оқушылар арасында үнемі медициналық масканы қалай және не үшін тағу керектігін айтып жатады.


Біздің мектептің сынып жетекшілері оқушылар арасында үнемі медициналық масканы қалай және не үшін тағу керектігін айтып жатады. Бұл тақырыпта сыныптар арасында сынып сағаттары өткізіледі.
Масканы қанша уақыт тағуға болады?
Ауаны өткізу қабілетіне қарай медициналық масканы 1-2 сағатта ауыстырып тұру қажет. Егер медициналық маска арнайы бактерия жоятын затпен өңделсе 3-5 сағатқа дейін қолдануға болады. Дегенмен маска түшкірген не жөтелгенде су болып қалғанда дереу жаңасына ауыстыру керек.
Медициналық маскалар бір реттік қолдануға ғана арналғандықтан оны қайта өңдеп, жуып, тазалап киемін деп ойламаңыз. Масканы бірнеше рет қолдануға болмайды.
Масканы дұрыс тағып жүрміз бе?
Маска ауыз бен мұрынды және иекті толық жауып тұру қажет. Жұмсақ бекіткішті мұрынның формасына икемдеп, қатпарларын ашқан жөн. Қолданыс кезінде не қолданған соң қолмен тиісуге болмайды. Өйткені оған ауру қоздырғыштары түседі. Сонымен қатар дәрігерлер медициналық масканы халық көп жиналатын орындарда ғана тағуға кеңес береді, өйткені далада аурудың жұғуы мүмкін емес.
 
 


Комментариев нет
268 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 26.10.2020 в 14:58

Возможно вас заинтересует...!