Меню KDT
1 Қазан – Қарттар күні

«Қарияларың қастерлеген ел ардақты»


«Қарияларың қастерлеген ел ардақты», демекші 1 Қазан – «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы №67 гимназияның көшбасшы оқушылары қазыналы қария, ардагер-ұстаз Нәсиұлы Қажымұрат ақсақалдың өнегелі-өмірлі әңгімесін тыңдау мақсатында кездесу ұйымдастырып, 29 қыркүйекте мерекемен құттықтап барды. Кездесуге 7 сыныптар белсенділері – Омарова Сабина және Рахимова Альмира қатысты.

Нәсиев Қажымұрат Нәсиұлы өзінің өмірі жайлы оқушыларға әңгімелеп, мол тәжірибесімен бөлісті. Көшбасшы оқушыларымыз кездесуден алған әсерлерімен әлеуметтік желілерде бөлісті.



Сонымен қатар, 30 қыркүйек күні мектебіміздің ақ жаулықты әжесі, 10 немересін бағып отырған қазыналы қариямыз Тасубаева Кумисай әжеміздің үйінде де кездесу ұымдастырылды. Атаулы мерекенің қарсаңында көшбасшы оқушыларымыз бір әулеттің ұйтқысы болып отырған Кумисай әжемізді мерекесімен құттықтап,  әңгімелерін тыңдап қайтты

30 қыркүйек күні 7 сынып белсенділері Рахимова Альмира және Омарова Сабина әлеуметтік сұхбат ұйымдастырып, қарт кісілерді мерекелерімен құттықтады. Саналы ұрпақтың жылы лебізіне бөленген қарияларымыз оқушыларға өз баталарын берді.


Комментариев нет
167 просмотров
Автор: 67mektep
Добавлено: 31.10.2020 в 23:03

Возможно вас заинтересует...!