1 Қыркүйек – Білім күні
1 Қыркүйек – Білім күні. Алғашқы білім күнінде №67 гимназияда кезекші сыныптар үшін санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, таңертенгілік мерекелік флешмоб, сынып сағаттары өткізілді. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған жас бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күйде алғаш ұстаздарымен қауышты.
Қашықтан үй жағдайында білім алып отырған оқушылар үшін Білім күніне арналған Қазақстан Республикасының 25 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әбу-Насыр әл Фарабидің 1150 жылдығы тақырыптарында онлайн байланысу арқылы сынып сағаттары өткізілді. Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі жоғары, оқуға деген ынта-зейіндері байқалды.



114
0



