Қадірлі ұстаздар, тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде Тіл мерекесін тойлаудың өзіндік орны бар. А.Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту методикасы мен қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізгі іргетасын қалаушы. «Жаңа мектеп» журналында «Ана тілінің әдісі», «Зерттеу мен сүгіретшілік әдісі туралы», «Жалқылаулы-жалпылау әдісі», «Қай әдіс жақсы?», «Ана тілінің әдісі» деген методика мәселелерін сөз ететін бірнеше мақала жариялайды.

Мектеп балаларына арналған оқулықтарында А.Байтұрсынұлы иллюстративтік материалдарды қатар ұсынуда үлкен тәрбиелік әрі тіл ұстарту мүддесін көздеген. Автор жалпы оқулыққа тән «жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге» принципін ұстағанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Осыған орай мектебіміздің ұстаздары арасында «Қай әдіс жақсы?» атты мақала байқауын жариялаймыз.

Байқаудың мақсаты – жаңартылған білім мазмұны аясында әдіс-тәсілдердің тиімділігімен, нәтижелігімен бөлісу, ұстаздармен тәжірибе алмасу, озат ұстаздарың озық тәжірибесін тарату.

Байқауға мектебіміздің барлық ұстаздары қатыса алады.
Мақаланы рәсімдеу талаптары: Шрифт: Times New Roman, Microsoft Word мәтіндік редакторы; шрифт өлшемдері: 14; мақала көлемі: максималды 4 толық парақ, минималды 2 толық парақ. Мақала атауы бас әріптермен, қалың шрифтпен теріледі. Автордың тегі, аты-жөні – кіші әріптермен терілуі тиіс. Әдебиеттер тізімін көрсетуді ұмытпаңыздар.
Мақаланы қыркүйек айының 10-на дейін келесі электронды поштаға жолдау керек: ainura_zhamenkenova@mai.ru Мақала көшірілген файлдың атауында автордың тегі мен аты-жөнін көрсетуді өтінеміз.
Байқау қорытындысы шығарылып, үздіктер дипломмен марапатталады. Қатысушыларға сертификат беріледі. Үздік мақаланы педагогикалық басылымдарға жариялаймыз. Тіл мәртебесі биік болсын!
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі
Автор: 87mektep
Добавлено: 12.09.2020 в 10:59