← Назад к новостям
Педагогикалық идеялар фестивалі

Педагогикалық идеялар фестивалі

85mektep
27.10.2020 в 09:21
411 просм.
Нет комментариев

2020 жылдың 24 қазанында № 85 мектеп-лицейінде Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді.

Мақсаты - мұғалімдердің білім берудегі технологиялар мен әдістемелерді жетілдіру, тәжірибе алмасуға, педагогтердің кәсіби өсуі мен өзін – өзі шығармашылық  жағынан жетілдіруін ынталандыру. Сонымен қатар,  Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының мектепішілік кезеңінде қалалық кезеңге ұсынылатын мұғалімдер жұмыстарын анықтау.

Байқауға бастауыш сынып мұғалімдері, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты. Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізілді:

  1. «Әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсысында шебердің қолы ....»
  2. «Шығармашылық толқын»
  3. «Сабақ аяқталған соң»
Мектепшілік кезеңінен өткен А.Б.Жаңбыршиева, А.Х.Кенжина, А.С. Кожахметова, Ж.С.Султанова, А.А. Бурумбаева сынды мұғалімдердің жұмыстары Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» қалалық кезеңіне жіберілді. Алдағы уақытта ұстаздарға зор денсаулық, қажырлы еңбек, шығармашылық табыс тілейміз.

Автор: 85mektep · 27.10.2020
411
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT