← Назад к новостям
1-қыркүйек -Білім күні

1-қыркүйек -Білім күні

b1319skobilim
01.09.2020 в 14:04
214 просм.
Нет комментариев

Баршаңызды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық ұдайы ізденіс, табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!


Бүгін елімізде жаңа оқу жылы басталады. Өзіндік ерешеліктер жайында ел құлағдар. Мысалы, 2 млн 600 мың бала қашықтан оқиды. Яғни оқушылардың 80 проценті онлайн форматта білім алады. Мектептер 8 интернет платформаның бірін таңдап, сол бойынша сабақ жүргізеді. Ал оған қосылуға мүмкіндігі жоқтар телесабақ арқылы оқиды. «Еларна» және «Балапан» арналары білім бағдарламасына 9 сағат эфирін арнайды. Ал бастауыштың 530 мың оқушысы кезекші кластарға барады. Эпидемиологиялық ахуалы тұрақты ауылдардағы шағын жинақталған мектептер дәстүрлі білім береді. Яғни 2020 мың бала мектеп партасына отырады. Бір кабинетте 15 оқушыдан артық отыруға болмайды. Әлеуметттік арақашықтық сақталуы тиіс. Ел бойынша 350 мың мұғалім қашықтан оқыту әдісін меңгеру үшін арнайы курс оқыған. Көп балалы және тұрмысы төмен отбасының балаларына уақытша пайдалануға компьютер берілді. Барлығы 500 мың оқушы компьютермен қамтамасыз етілді.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/419683-1-yrk-jek-bilim-k-ni
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Автор: b1319skobilim · 01.09.2020
214
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT