← Назад к новостям
"Қарты бар ел - қазыналы ел"

"Қарты бар ел - қазыналы ел"

b1429skobilim
01.10.2020 в 18:30
245 просм.
Нет комментариев


"Қарты бар ел - қазыналы ел" демекші, үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту - ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Қарттарын қадірлеген қазақ халқы үшін де күнтізбедегі 1 қазан - Қарттар күні деп белгіленген. Бұл маңызды күн біздің қарттарымыз қолдауға мұқтаж екенін еске салады.
Қазақстанның өсіп – өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Осы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген қарияларымызды аталмыш төл мерекесімен құттықтау мақсатында Брисюк Таисия Ивановнаның үйінде болып қайттық. Гүл шоқтарын ұсынып, кішігірім гуманитарлық көмегімізді тарту еттік. Таисия Ивановна әңгіме барысында өмірден алған тәжірибелерімен, қызықты сәттерімен бөлісіп, өздерінің жүрекжарды ақ тілектерін жаудырып, ризашылығын білдірді.




Автор: b1429skobilim · 01.10.2020
245
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT