Меню KDT
Лайықты құрмет

Әл-Фараби мектеп-лицейі өңіріміздегі беткеұстар білім ордасының бірі десек, қателеспейміз. Сөзімізге дәлел бола алатын мысалдар аз емес.


   Әл-Фараби мектеп-лицейі өңіріміздегі беткеұстар білім ордасының бірі десек, қателеспейміз. Сөзімізге дәлел бола алатын мысалдар аз емес. Атап айтар болсақ, еліміздің оқушыларына респбулика бойынша тек үздік ұстаздардың ғана сабақтары «Балапан» телеарнасы арқылы көрсетілуде. Олардың арасында біздің мектептің тарихшылары да бар. Білімі мен білігі өзгелерге өнеге бола алатын  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Зәуреш Жиентаеваның, ғылыми жобалар бойынша орынбасар Нұрқан Хамзиннің және білім ордасының жас мұғалімі Ғайса Нұрбектің бұл еңбегін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жоғары бағалап, оларды Құрмет грамотасымен марапаттады. Мұндай марапат екінің біріне берілмейді. Бейнесабақ дайындаудың жеңіл емес екенін мұғалімдер жақсы біледі әрі республикаға танымал ұстаздардың талқысынан өткен сабақтар үздік деп танылғанда ғана телеарна арқылы көрсетіледі. Лайықты құрметке ие болған әріптестерімізді біз де құттықтаймыз.



Комментариев нет
366 просмотров
Автор: b1416skobilim
Добавлено: 19.10.2020 в 17:36

Возможно вас заинтересует...!