← Назад к новостям
"Гринэйки" ертегісі сахналанды.

"Гринэйки" ертегісі сахналанды.

83mektep
06.10.2020 в 15:14
881 просм.
Нет комментариев

Нұр-Сұлтан қаласының №83 мектеп-гимназиясы қоғамдық өмірге белсене араласады. Соның ішінде, қоршаған орта туралы іс-шараларды назардан тыс қалдырмаймыз. Осының бір дәлелі, биыл мектебіміз "Қазақстандағы экологиялық білім берудегі үздік ұйым" атауын иеленді. Сонымен қатар,  мектебімізде 6 қазан 2020 жылы "Гринэйки" ертегісі сахналанды. 


Ертегінің авторы - мектебіміздің бастауыш мұғалімі Мукаев Аскар Бактыгалиевич. Автор бұл ертегіде кейіпкерлер арқылы ғаламдық жылыну, озон саңылаулары қоршаған ортаның ластануы сынды әлемдік мәселелерді көрсеткен.
Көріністі сахналаған «Театрум» актерлік шеберлік студиясының жетекшісі — Оспанова Алмагүл Муталлаповна. «Гринэйки» қойылымын көрермендер онлайн-форматта тамашалады. Мектебіміздің экологиялық бағытына ерекше қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар бергені үшін «Менің өмірімнің экомектебі» жобасының модераторы Татьяна Николавна Немцанға ерекше алғысымызды білдіреміз.

Автор: 83mektep · 06.10.2020
881
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT