Елбасымыз мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. Отбасы күні Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Яғни 11 қыркүйекке сәйкес келеді.
Осыған орай мектебімізде
1. 1-4сыныптар арасында «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасылық фото альбом ,фото слайд байқауы,
2. 5-9 сыныптар арасында "Ұрпақ жақсысы-ұядан" тақырыбында оқушылардың отбасына арнауы;
3. "Отбасы құндылығы-сақылмас қызына" тақырыбында эссе жазу байқаулары өтті. Ең үздік деп танылған оқушыларымыздың шығармашылық жұмыстарымен таныса отырыңыздар.
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены