2020 жылдың 10 қазанында Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тамим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицейінде онлайн форматында ғылым негіздері бойынша 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың І мектепішілік кезеңі өтті.
Олимпиада алдында мектеп психологтары А.Т.Рахматуллина мен М.Тикей «Позитивті қарым-қатынас» атты тренинг ұйымдастырды. Мақсаты: позитивтік қарым-қатынас құруға бейімдеу; қарым-қатынасты позитивтік жағынан жақсарту.
Олимпиада мақсаты: Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау;
Мектепішілік олимпиадаға барлығы 206 оқушы қатысты. Олимпиадаға қоғамдық – гуманитарлық пәндер бойынша – 103 оқушы, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша – 103 оқушы қатысты. Әрбір пән бойынша оқушылардың мектепішілік олимпиадаға қатысу белсенділігі төмендегідей нәтижеден көрініс тапты:
Мектепішілік олимпиадасына белсене қатысып, жеңімпаздарын дайындаған ұстаздар:
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен – Қаражигитова Б.Ө., Ташетова А.С., Нукебаева Б.С., Абужарова А.Н.
Ағылшын тілі пәнінен – Сарсенова Г.Б., Сарсенова А.М., Акижанова Д.М., Байбакирова Г.Б.
Физика пәнінен – Әнес Б., Мейрманов А.Е.
8-11 сынып оқушылары арасындағы мектепішілік олимпиада қорытындысы бойынша І орын алған 56 оқушы қалалық олипиадаға жолдама алып отыр. Мектебіміздің білімді оқушыларына сәттілік тілей отырып, өз жетістіктерімен бізді қуантады деген сенімдеміз.


Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены