← Назад к новостям
Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІІІ  Республикалық интеллектуалдық конкурсы

Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІІІ Республикалық интеллектуалдық конкурсы

b1437skobilim
13.10.2020 в 12:25
392 просм.
Нет комментариев

 
Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты
ІІІ  Республикалық интеллектуалдық конкурсы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мақаласын іске асыру шеңберінде «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» «Туған жер» бағдарламасының бөлігі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі-«Дарын» РҒПО) 2020 жылдың 3 мен 5 қараша аралығында жұмыс жоспарына сәйкес жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІIІ республикалық интеллектуалдық конкурсын өткізеді.
Конкурс үш кезеңде өтеді:
1) бірінші кезең – аудандық (қалалық), ағымдағы жылдың 2 қазанында өткізіледі.  Аудандық кезеңді «Дарын» РҒПО дайындаған тапсырмалар бойынша аудандық және қалалық білім беру органдары жүзеге асырады;
2) екінші кезең – облыстық, ағымдағы жылдың 14 қазаны. Облыстық іріктеу кезеңді «Дарын» РҒПО дайындаған тапсырмалары бойынша, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, Дербес білім беру ұйымдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері», сондай-ақ коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Республикалық физика-математика мектебі», «Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық білім беру ж/е сауықтыру орталығының «Өзін-өзі тану» гимназиясы, республикалық білім беру ұйымдары жүзеге асырады;
3) үшінші кезең – республикалық, ағымдағы жылдың 3-5 қарашасында өтеді.
Конкурсқа  9-10 сынып оқушылары – облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады.
Республикалық кезең 2 турда өтеді:
1 тур – тестілеу (90 мин.) Қазақстан тарихы бойынша(ағымдағы жылдың  3қарашасы);
ІІ тур – 4 номинация  бойынша (ағымдағы жылдың 4 қарашасы):
  • «Менің кіші Отанымның тарихы» елді мекеннің тарихын (географиялық атауы, құрылу тарихы, негізгі даму кезеңдері, ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері, тұрғындары, әлеуметтік саланың кәсіпорындары мен мекемелері туралы, көрікті жерлер және т.б.) форматында ашып көрсету бейне репортажды ұсыну;
  • «Кіші Отанның рәмізі» – жануарға, өсімдікке, адамға, құбылысқа және т.б. туралы авторға шағын отандағы сүйіспеншіліктің символы (сіз өз таңдауыңызды дәлелдеуіңіз керек, бірегей нәрсені талқылауыңыз керек) туралы бейне;
  • «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы бойынша – макет презентация түрінде;
  • «Менің туған жерім» санатында – сіздің елді мекеніңіз туралы эссе (кемінде 250 сөз) жазу.

 

Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты

ІІІ  Республикалық интеллектуалдық конкурстың қалалық кезеңіне қатысу НӘТИЖЕСІ

№

Оқушының аты-жөні

Номинация атауы, жұмыс тақырыбы

Оқыту тілі

Мектеп, сынып

Жетекшінің аты-жөні (толығымен)

Алған орыны

1

Ғабдулла Жаңыл

«Кіші Отанның рәмізі» номинациясы,

Жанға шипа, дертке дауа-Меңгесер

қазақша

№25 жалпы білім беретін орта мектеп,

9-сынып

Сейткалиева Айткүл Гадбурахмановна

2

2

Макишева Махаббат

«Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы,

«Бақыт деген-сенің бала күндерің...»

қазақша

№25 жалпы білім беретін орта мектеп, 10-сынып

Сералина Жулдыз Ерболатовна

 

Абдрахманова Жанар Байкеновна

 

1

 

3

Шайпина Жұлдыз

«Менің туған жерім» номинациясы,

«Туған жер-тұғырың»

қазақша

№25 жалпы білім беретін орта мектеп,

9-сынып

Зулкарнаева Жадра Темиргалиевна

 

2

10-сынып оқушысы Макишева Махаббат 2020 жылдың 14 қазанында мектеп намысын облыстық кезеңде қорғамақ. Сәттілік тілейміз!


 

Автор: b1437skobilim · 13.10.2020
392
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT