Қазақстанда мұғалімдер күні-қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтеді.Осы кәсіби мереке қарсаңында әріптесім, бастауыш сынып мұғалімі Фазылова Күлжан Ермекқызының ауытрпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып жүрген адал жанның ерен еңбегі жайлы айтарым бар.
Көкшетау обылысы,
бұрынғы Қызылту ауданы, Бидайық кеңшарында әкесі қазақ анасы неміс интернационалды жанұяда дүниеге келген.
Жиырма жеті жыл мұғалім мамандығының майталманы,оның ішінде 1995 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі.
Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басып келе жатқан ұстаз, сабырлы мінезімен, салмақты ақыл ойымен сан алуан шәкірт тәрбиелеуде.Жас ұрпақтың санасына сыналай енгізіп жүрген Күлжан Ермекқызының тәлім-тәрбиесі, үлгі-өнегесі өлшеусіз.Барша адамзаттың игілігіне қызмет ететін адамгершілікпен пен патриотизмді, өнер мен руханиятты тәрбиелейтін ұстаз.Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби біліктілігі-ол заман талабы,мектептегі білім мен тәрбиені беру негізі бастауыш сыныптардан басталады.Бастауыш сынып мұғалімі тек пән оқытушы ғана емес,ол баланың болашағына бағыт беруші, бала бойындағы қабілеттіліктің көзін ашушы, қорғаушы деп нақты айтуға болады.
Білім берудің бастауыш сатысы-тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырушы ең жауапты кезең.Міне Күлжан Ермекқызы осы кезеңде үлкен жауапкершілікпен қарап,
әр сабақтың дамытушылық мақсаттарын артырып, мазмұнды шығармашылық тапсырмаларын байытып, оларды тұрақты пайдаланып отыру арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп жүрген ұлағатты ұстаз.
Ұрпақ тәрбиесі-ұстазға байланысты.
Ұстаз жалпы қоғамды қалыптастырады,
өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Сол жақсы оқушыларды тәрбиеліп, бағбандай күтіп, тарыдай болып келген жанды үлкен жолға жолдама беруде біздің әріптесіміз Күлжанның тынымсыз еңбегі демекпін.
"Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің уақытын аялау" Еліміздің келешек ұрпағына білім беріп тәрбиелеуде уақытпен санаспай,тынымсыз еңбегіңізде, шығармашылық табыс тілей отыра кәсіби мерекеңіз құтты болсын демекпін.
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 01.10.2020 в 08:40