← Назад к новостям
"ӘКЕЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖАҢА ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ" тақырыбында өткен дөңгелек үстел

"ӘКЕЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖАҢА ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ" тақырыбында өткен дөңгелек үстел

b1429skobilim
29.09.2020 в 17:55
344 просм.
Нет комментариев


Бүгін 29.09.2020 күні үздік әкелер және саналы әкелерді көбейту мақсатында «EN BAQYTTY EL» қоғамдық қорымен құрылған «Әкелік институтын қолдау және дамыту бойынша іс-шаралар кешені» әлеуметтік жобасынының өкілдері ұйымдастырған "Әкелер институтының дамуына жаңа әдістерді қолдану" тақырыбында онлайн форматта, Zoom платформасында дөңгелек үстел өтті. Мектебіміздің көпбалалы отбасы әкелерінің атынан Алланиязов Қ.Ж., Туралин А.Н. және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Т. Нұртаева қатысты.
Семинардың негізгі құндылығы : отбасы институтына бағытталған жобаларды қолдау, әкелік маңызды өмірлік жоба болып саналатын жаңа тренд құру, балалық шақтан бастап мықты болуға, қыздарды ренжітпеуге және әлсіздерді қорғауға үйрету, қамқор күйеу, сүйікті аға, тәрбиелі ұл өсіруге ынталандыру болып табылады.




Автор: b1429skobilim · 29.09.2020
344
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT