Меню KDT
"ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕ ҚЫСЫМ КӨРСЕТУ МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАДА БОПСАЛАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН СЫНЫП САҒАТЫ



"ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП ОРТАСЫ" Республикалық акциясы аясында 7В сыныбында "Буллинг және Кибербуллинг" тақырыбында зум платформасы арқылы сынып сағаты өтті. Сынып сағатын 7В сынып жетекшісі Нартаева Зинара Ғалымқызы және СҚМУ-ның 3-ші курс студенті, практикант Назарова Гаухар өткізген болатын.Сынып сағаты барысында тақырыпқа сай презентациялар мен танымды бейнероликтер көрсетілді. Буллингтен қалай сақтануға болатындығы туралы, буллингтің түрлері, мектепте әлімжеттік көрсету, аулаларда бопсалау, буллингке тап болған кезде қандай іс-әрекет жасауы керек екендігі туралы кеңінен айтылды.
Кибербуллинг түрлері, әлеуметтік желілерде әлімжеттік көрсету, қысым жасау, қудалау, ар намысына нұқсан келтіруден сақтану жолдары бойынша ұсыныстар мен кеңестер берілді .
"Желідегі-этикет " тақырыбында оқушылар өзара пікір алысып, қауіпсіздік жолдарымен бөлісті.Балалардың айтуы бойынша олар осы тақырып аясында бұдан бұрын кеңінен мәлімет алмаған. Сондықтан оқушылар үшін сынып сағатында өтілген материалдар өте пайдалы және қажетті болады деген ойдамыз.

 







Комментариев нет
502 просмотров
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 26.09.2020 в 11:00

Возможно вас заинтересует...!