Меню KDT
ӘЛ-ФАРАБИ - ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ



Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап, өз кезегінде мемлекеттік комиссия мерейтойды атап өтудің республикалық деңгейдегі жоспарын жасап шықты. Онда республикалық және өңірлік деңгейде өтетін 50-ден астам іс-шара көзделген. Бұлардың ішінде халықтық барлық буынын қамтитын арнайы жобалар, ғылыми талдаулар, қоғамдық маңызды және мәдени-бұқаралық іс-шаралар бар.
Ұлылық туралы негіздеме көбіне тарихты тереңінен игеруге итермелейтіні ақиқат. Ұлттық мүддені мұқият ұйымдастырсақ біраз ғұламаларды қазақ даласына “жетелейтінімізде” жалғандық емес. Осы сөзімізге сәйкес түбі бір түркі еліне ортақ ғұлама ғалым Әл- Фараби бабамыздың 1150 жылдық айтулы мерзімін атап өту қазақ халқы үшін де мәртебелі мереке .
Ұлы ойшылдардың еңбектерін кеңінен насихаттау – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі. Ұлы тұлғаларымыздың әлі де ашылмаған қырлары мен сырларына терең бойлау мақсатында - Қазақ мектеп-гимназиясының 8-9 сыныптары арасында « Әл-Фараби – ұлы даланың ұлы тұлғасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға барлығы 28 оқушы қатысты. Дөңелек үстел барысында оқушылар Әл-Фарабиді жан-жақты қырынан талдап көрсетті. Атап айтар болсақ, Жамалиева Күлжамилә - Ұлы ойшылдың еңбектерінде бала психикасының қалайша дамып, жетілетіндігі жөнінде , адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, не ақ ниетті болып келмейді. Бала ойлау, сөйлеу қабілетіне туыстан болатын икемділікпен ғана дүниеге келетіндігін атап өтіп, оның осы пікірлері де қазіргі ғылыми психология түйіндеген тұжырымдармен үндесетіндігін атап өтсе, Еркінұлы Алихан ғылыми еңбектері мен зерттеулеріне тоқталды. Бағыт Тамила - Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын, Еуропа ғалымдары да көп пайдаланғандығын атап көрсетті. Нурканова Шырайлым - ғұламаның математикалық тəсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге əкелгендігін айтса, Наушина Асылтас, Ахмади Алтынай, Санатов Арсен өлеңдерінен үзінді оқыды. Сонымен қатар оқушылар ғұлама ғалымның өмірі мен шығармашылығынан , нақыл сөздерінен сыр шертетін бейнематериалдар тамашалап, «Бес жолды өлең» арқылы кері байлыс берді
Әл - Фараби бабамыздың аты 1150 жыл болса да өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Адамның байлығы да, бақыты да, атақ - даңқы да, ол - білім. Білім – таусылмайтын байлық. Ендеше ұлы даланың ұлы тұлғасын танудан жалықпайық!

 

 

 


Комментариев нет
224 просмотров
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 24.09.2020 в 18:00

Возможно вас заинтересует...!