«ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ» атты кітаптар көрмесі ашылды.
Қазақ мектеп – гимназиясының Абай орталығында Ұлы ғалым Әбу-Насыр Әл-Фарабидың туғанына 1150 жыл толуына байланысты «Әл-Фараби мұрасы» атты кітаптар көрмесі ашылды. Мақсаты: Әбу -Насыр Әл-Фараби өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас тұлға екенін таныту. Іс –шара барысында Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз"ғұлама ғалымның білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазғанын арқау ете отырып, ол туралы баспа беттерінде жарық көрген мәліметтерді кеңінен таныстыру. Көрме жұмысына арнайы қатысқан 7 «А» сынып оқушысы Баймат Айзада ақынның туған жерге деген сағынышын білдіретін «Қашықтасың туған жер» атты өлеңін оқыды.

Автор: b1429skobilim
Добавлено: 21.09.2020 в 10:25