«ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ» АТТЫ ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕ
Қазақ мектеп – гимназиясының Абай орталығында Отбасы күніне орай «Отбасы бақыт мекені» атты виртуалдық көрме оқырмандар назарына ұсынылды. Мақсаты: отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екенін түсіндіру, ақ некенің маңызы жайлы, әке мен ананың міндеттері, отбасындағы өзара түсіністік туралы кеңестер беру. Өскелең ұрпақтың өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық, мейрімділік сезімін ояту, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Отбасылық құндылықтарды насихаттау – бұл біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне отбасының ықпалы мол екендігін ашып көрсететін әдебиеттер қамтылды.
260
0



