Меню KDT
«Ағаш отырғыз!» экоакциясы


 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы, №15 мектеп-лицейінде «Ағаш отырғыз!» экологиялық акциясы өтті. Республикалық «Эко-Бум» акциясы аясында 4Г, 8D және 9A сыныптарының экоүйірме оқушылар және де ата-аналар  белсене қатысты. Акцияны ұйымдастырушы Нұр-Сұлтан қаласының ата-аналар қоғамдастығы кеңесінің төрағасы Татьяна Коршунова болды. Экоакцияны №15 орта мектебінің қамқоршылар кеңесінің төрайымы Ирина Васильевна Северина қолдады. Біздің мектептің қонағы - Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаментінің қызметкері, А.Талғатов белсене қатысқан оқушыларға алғыс хат мадақтамасын табыс етті.  Іс-шара барысында оқушылар  мектеп аумағындағы  балабақшаға алма ағаш көшеттерін отырғызып, гүл дәндерін септі.  Сонымен қатар оқушылар таза экологияға арналған өлеңдерін мақтанышпен айтып шықты. Оқушылар іс-шарашы аяқтағннан кейін кейін, челленджді Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе-тыныс» қоғамдық қозғалысына табыс етті.
  


Комментариев нет
268 просмотров
Автор: 15mektep
Добавлено: 30.09.2020 в 12:10

Возможно вас заинтересует...!