Меню KDT
«Сабақты зерттеу: (Lesson Study) Қазақстандық мектептердің тәжірибесі»

«Сабақты зерттеу: (Lesson Study)  қазақстандық мектептердің тәжірибесі»  III қалалық  ғылыми-практикалық конференциясында Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназияның  ағылшын тілі пәні мұғалімі Әнуарбекова Баян Дәлелбекқызы “Диалогтік оқыту әдісі арқылы оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру” тақырыбында зерттеу тәжірибесімен виртуалды көрмеде постер арқылы таныстырылым жасады.


«Сабақты зерттеу: (Lesson Study)  қазақстандық мектептердің тәжірибесі»  III қалалық  ғылыми-практикалық конференциясында Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназияның  ағылшын тілі пәні мұғалімі Әнуарбекова Баян Дәлелбекқызы “Диалогтік оқыту әдісі арқылы оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру” тақырыбында зерттеу тәжірибесімен виртуалды көрмеде постер арқылы таныстырылым жасады. Зерттеу жұмысының негізгі  мақсаты: ағылшын тілінде сөйлеу қабілеті төмен оқушылардың сөйлеу дағдысын диалогтік оқыту әдісі арқылы қалыптастыру.Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқыту» әдісінің   маңыздылығы зерттеу барысында түсіндіріліп,  оқушылардың  ағылшын тілінде  сөйлеу  қабілеттерін дамытуда  диалог пен әңгімелесудің   тиімділігін және зерттеу  жұмысының оң нәтижелерімен әріптестерімен бөлісті.



«Сабақты зерттеу (Lesson Study): Қазақстандық мектептердің тәжірибесі» ІІІ қалалық ғылыми-практикалық конференциясында Сәкене Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі Ермекбаева Айымкүл Бекмаханқызы “How to adapt teaching strategies to learner needs?” тақырыбында зерттеу тәжірибесімен виртуалды таныстырылым арқылы бөлісті. Зерттеу жұмысының негізгі идеясы жаңартылған білім беру жағдайында оқыту мен оқуда оқушылардың оқу қабілеті мен қажеттілігіне сәйкес нәтижелі оқу стратегияларының бейімдеу және жетілдіру жолдарын, оқыту мен оқуда туындайтын жағымды, жағымсыз тұстарын анықтау және оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін тиімді тәсілдерді қолдану арқылы тәжірибе алмасуға бағытталды.
   Конференция барысында оқытушының тәжірибелік қолданысындағы оқушылардың оқу қабілеті мен қажеттіліктерін айқындау және оларды жіктеудің  маңыздылығы жайлы түсіндірілді. Әрбір оқушының шет тілін үйрену барысындағы эмоционалды, әлеуметтік немесе басқа қиындықтарын ескере отырып, оларды жоюға бағытталған нәтижелі оқу стратегияларын қолданудың ерекшелігіне тоқталды.Мұғалім белгілі бір оқушының білім алу қабілетіне сәйкес оқу қажеттілігін анықтағаннан кейін, күнделікті сабақтағы іс-әрекетіне сәйкес бірнеше ынталандырушы  оқу стратегияларының нәтижесімен бөлісті.Оқушылардың еңбегіне,  білім игеру деңгейіне,  тапсырманы орындау мүмкіндігіне бақылау жүргізіп, әр критерийлерге сәйкес  оқушылардың оқу қажеттілігі ескеріліп,  қорытынды шығару маңыздылығы айтылды.

             


Комментариев нет
250 просмотров
Автор: 80mektep
Добавлено: 05.10.2020 в 19:11

Возможно вас заинтересует...!