Қыркүйектің 24-25 күндері екі күн қатарынан №3 мектеп-гимназиясында «Эко-Асар» экомарафоны аясында «Эка-Миньон» эко-сағаттары өтті.
Қыркүйектің 24-25 күндері екі күн қатарынан №3 мектеп-гимназиясында «Эко-Асар» экомарафоны аясында «Эка-Миньон» эко-сағаттары өтті. Оған қазақ тілінде оқитын 3-4 сынып оқушылары, олардың сынып жетекшілері мен ата-аналары қатысты. Балалар қоршаған ортаны қорғау және сақтау, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау туралы, үйде жеке қалдықтарды сұрыптап-жинауды қалай ұйымдастыру керек жөнінде көптеген пайдалы ақпарат алды. Бастауыш сынып оқушылары Эка-Миньон және Кики көмекшімен бірлесіп қолдан эко-көмекші жасады. Барлық эко-көмекшілер әр алуан және ерекше болып шықты (фотосуреттерді қараңыз). Сондай-ақ, оқушылар эко-көмекшілерінің артқы жағына қоршаған ортамызға арнап тілектерін жазды. Кездесу Zoom платформасында көңілді, еркін форматта өтті. .jpeg)


Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены