← Назад к новостям
«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» мәнерлеп оқу сайысы

«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» мәнерлеп оқу сайысы

83mektep
16.09.2020 в 15:31
1209 просм.
Нет комментариев

Тілдер мерекесі аясында 14 қыркүйектен бері көптеген іс-шаралар атқарылуда. Қазақ тілінің мәртебесін асқақтату мақсатында 16 қыркүйек күні онлайн түрде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері – Жырымбаева Мархаба Ахметқызы, Мейрамгүл Қалиханқызының ұйымдастыруымен қазақ-орыс сыныптары арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.


Сайысқа 21 оқушы сұраныс жіберіп, 19 оқушы қатысты. Іс-шарада 6 «Н» сынып оқушысы Үйсенов Санжар «Балбырауын» күйі, 9 «Г» сынып оқушысы Қоянбек Абдуррахман «Адай» күйімен музыкалық сәлемдеме жолдады. Сайыстың шарты бойынша оқушылар қазақ халқының белгілі ақындарының шығармаларын мәнерлеп жатқа айтты, сонымен қатар өз шығармаларын ұсынған  Ерікқызы Нұрсая, Тулеген Әнел  әділқазылар тарапынан ерекше алғыс алды. Іс-шара соңында әділқазылар алқасы сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады. 

Автор: 83mektep · 16.09.2020
1209
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT