Меню KDT
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы


«Адамзаттың алыбы-хакім Абай» атты әдеби кеш
2020 жылдың 9-қыркүйегінен 18-қыркүйегі арасында өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында №15 мектеп-лицейінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Адамзаттың алыбы-хакім Абай» атты әдеби кеш өтті. Ақынның шығармашылығына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу мақсатында өткізілген кешке 10-11 сынып оқушылары белсене ат салысты. Кешті қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қазбекова Алмагүл Хамзеқызы өткізді.

Бейнебаян (жүктеп алу)

«Мен Абайды жырлаймын» әдеби кеші
Нұр-Сұлтан қаласының №15 мектеп-лицейінде 2020 жылдың 9-қыркүйегінен 18-қыркүйегі аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі өткізілді. Онкүндік барысында Ұлылардың ұлысы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Мен Абайды жырлаймын» атты іс-шара ұйымдастырылды. 3-8 сынып оқушылары қазақтың бас ақыны Абайдың өлеңдері мен әндерін жатқа орындап, бейнежазба арқылы жолдады. Аталмыш іс-шара оқушылардың Абай шығармашылығымен кеңінен танысып, жас ақындық талаптарын сынауға мүмкіндік берді.

Бейнебаян (жүктеп алу)

«Мен қазақша сөйлеймін» байқауы
2020 жылдың 9-қыркүйегінен 18- қыркүйегі арасында Нұр-Сұлтан қаласының №15 мектеп-лицейінде қашықтан өзге ұлт өкілдеріне арналған «Мен қазақша сөйлеймін» байқауы ұйымдастырылды. «Тіл-алтын қазына» атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында өткізілген байқауға бастауыш сынып оқушылары қатысты. Байқау жеңімпазы- Поляков Богдан.

Бейнебаян (жүктеп алу )


Комментариев нет
283 просмотров
Автор: 15mektep
Добавлено: 20.09.2020 в 21:03

Возможно вас заинтересует...!