Меню KDT
«Кезекші сыныптардың» жұмыс жоспары

2020-2021 жылғы оқу жылында қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты гимназияда 1-11 сыныптар үшін оқытуды қашықтықтан оқыту форматында бастау жоспарланған және қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, бастауыш сыныптың оқушылары үшін «кезекші сыныптардың» жұмысы жоспарлануда.


Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, гимназияда 1-4- сыныптар арасында «кезекші сыныптар» ашылды.

 Оқу бірнеше ауысыммен жүзеге асады. Сыныптар кіші топтарға бөлінеді. Ол топтарда оқушы саны 10-15-тен аспайды.

 Сабақтар бір кабинетте өткізіліп, үзіліс әр түрлі уақытта болады. Сонымен қатар, сабақтардың бір бөлігі қашықтықтан жүргізіледі.

 Санитарлық нормаларды сақтау үшін гимназиямыз дезинфекциялау құралдарымен, сенсор термометр, қорғаныс құралымен қамтамасыз етілген.

 Ал дәстүрлі форматтағы оқу жағдайында, яғни кезекші сыныптардың жұмысы үшін алгоритм келесідей болады:
- ата - аналар балаларды «кезекші сыныптарға» әкеледі, бірақ ғимаратқа кірмейді.
- мектептің кіреберісіне дезинфекциялық кілемше төселеді;
- мектепке кірер кезде баланың температурасын өлшеу;
- қолды антисектикпен өңдеу және масканың болуы міндеттеледі;
- барлық қабаттарда және әрбір «кезекші сыныпта» санитайзер орнатылған.
- сыныпты желдету, кварцтау және жуу кестесі құрылды.


Комментариев нет
174 просмотров
Автор: 81mektep
Добавлено: 28.08.2020 в 11:46

Возможно вас заинтересует...!