Меню KDT
«Мен –өз елімнің патриотымын!»

2020 жылдың қыркүйек айының 17-і күні Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының  8 «А» сыныбында «Мен –өз елімнің патриотымын!» атты ашық тәрбие сабағы өткізілді.


2020 жылдың қыркүйек айының 17-і күні Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының  8 «А» сыныбында «Мен –өз елімнің патриотымын!» атты ашық тәрбие сабағы қазіргі пандемияға байланысты қашықтан білім беру жүйесінің енгізілуін орай онлайн ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге және оқушыларды ұлтжандылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. Шара аясында оқушылар белсенділіктерін танытып, Отансүйгіштік туралы ойларымен бөлісіп, патриоттық әндер шырқап, мақал-мәтелдер айтып, өз ойларымен бөлісті. Болашақ ұрпағымыз тарихымызды құрметтейтін, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтайтын, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жетекшісі: Абубакирова Нұргүл Мұратқызы

  
 


Комментариев нет
154 просмотров
Автор: 80mektep
Добавлено: 18.09.2020 в 17:30

Возможно вас заинтересует...!