Меню KDT
«Орта буындағы алғашқы қадамдар» 5 сынып ата аналары жиналысы


Бүгін қыркүйектің 18 күні І. Жансүгіров атындағы 58 мектеп-гимназияда 5-сыныптар аралығында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты: орта буындағы алғашқы қадамдар болғандықтан 5-сыныпта оқыту үрдісін ұйымдастыру мәселелері.
Жиналыс барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанна Касенканқызы сыныптарға талдау анализі, пән мұғалімдерінің ерекшеліктері,оқу-тәрбие талаптары, мектеп ұжымының жаңа оқу жылына қашықтықтан оқыту дайындығы таныстырылды. Соның ішінде жаңа оқу жылы басталғалы бері 2 аптадағы оқу үрдісі туралы баяндады. Сонымен қатар мектеп психологі Ахмет Асият Бапанқызының 5-сынып оқушылары адаптациясы кезінде ата-аналарға маман ретінде кеңестер мен ұсыныстары берілді. Жиналыс барысында ата-аналар мен пән мұғалімдерінің пікірі, ұсыныстары тыңдалды.
"Ұстаз" сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын түсініп бағалаған ата-аналар, ұстаздар қауымына өз аттарынан мотивацияларын жеткізе білді.
Құрметті ұстаздар!
Әрбір көзі ашық адам сауатты ашу үшін ең бірінші ұстазға жүгінеді. Ал, ұстаздың міндеті ештеңеден хабары жоқ шәкірттен тұлға дайындау.
Ендеше биылғы жаңа оқу жылы жаңашыл серпіліс пен шығармашылық табыс жылы болғай!


Комментариев нет
360 просмотров
Автор: 58mektep
Добавлено: 18.09.2020 в 03:20

Возможно вас заинтересует...!