← Назад к новостям
Өрт қауіпсіздігінің алдын алу іс-шаралары

Өрт қауіпсіздігінің алдын алу іс-шаралары

17mektep
17.09.2020 в 16:06
292 просм.
Нет комментариев

Бүгін, 17 қыркүйекте,  №17 мектеп-гимназиясының аумағында «Есіл» аудандық ӨСҚ-3 қызметкерлерінің жеке құрамымен бірлескен  іс-шара өткізілді. Мектептегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өрттің алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. 


Бүгін, 17 қыркүйекте,  №17 мектеп-гимназиясының аумағында «Есіл» аудандық ӨСҚ-3 қызметкерлерінің жеке құрамымен бірлескен  іс-шара өткізілді. Мектептегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өрттің алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.  Өткен оқу жылындағы барлық іс-шаралар табиғатты қорғауға, тұрмыстық электр құралдарын дұрыс пайдаланып дұрыс сөндіруге бағытталды.  Сондай-ақ, олар мектеп қызметкерлерімен бірге мектепте сабақ берді: балалар белілген белгі бойынша оқу кабинеттерінен және өрт қауіпсіздігі кезіндегі ережені сақтап мектептен  шығуды үйренді.

  Бүгін кезекші сынып тыңдаушылары барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, өрт сөндіру машинасын, жауынгерлік киімді, алғашқы өрт сөндіру құралдарын үлкен қызығушылықпен қарап, өрт сөндірушілердің сұрақтарына жауап берді.

  Уақытша тыйым аяқталғаннан кейін ӨСҚ-3 қызметкерлерімен кездесу жалғасады.  Сонымен қатар, бізді ӨСҚ-3 жеке құрамымен бұрыннан келе жатқан достығымыз біріктіреді дегіміз келеді.









Автор: 17mektep · 17.09.2020
292
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT