Меню KDT
«Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?»

17 қыркүйек күні сағат 13.00, 17.00-де «Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті.


17 қыркүйек күні сағат 13.00, 17.00-де «Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысының мақсаты: қашықтан оқыту форматында балаларды оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды ақпараттандыру.
Жиналыс барысында оқушы мен ата-ананың жауапкершілігі, оқушының оқуға деген ынтасын арттыру, ақпараттық платформалар мен оқыту форматтары, ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас психологиясы, баланың интернет жүйесіндегі жұмысын бақылау сияқты мәселелер айтылды.
Жиналыс Google Meet платформасында өтті. Жиналысқа қатысқан ата-аналар белсенділік танытып, өз ұсыныстары мен сұрақтарын жеткізді.
Тәрбиенің ең негізгі мектебі – отбасы. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін ата-ана өз мейірімділігін білдіре отырып, балаға жылулық сыйлап, қолдау білдіру арқылы көрсете алады. Оқушылардың қашықтан білім алуына бірге қолдау көрсетейік.
http://cdn1.kdt.kz/files/sites/1383501740173186/files/xabar/kyttyktau/WhatsApp%20Video%202020-09-18%20at%2009.59.26.mp4?_t=1600402026


Комментариев нет
269 просмотров
Автор: 66mektep
Добавлено: 18.09.2020 в 10:03

Возможно вас заинтересует...!