Меню KDT
Бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы

«Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» атты тақырыпта бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді. 


Бүгін, 17.09.2020 жылы, Нұр-Сұлтан қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында қашықтан оқыту форматында балаларды оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (заңды өкілдерді) ақпараттандыру мақсатында «Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» атты тақырыпта бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде мектеп жұмыс істейтін ақпараттық платформа, оқыту форматтары (синхронды, асинхронды, аралас), балаларды ынталандыру және жауапкершілігін қалыптастыру, интернеттегі жұмыс қауіпсіздігі және ата-аналардың бақылауы мәселелеріне ерекше назар аудару туралы аталып өтілді.
Сынып жетекшілері аталған іс-шараны онлайн режимінде ата-аналардың қатысуымен, презентация көрсету арқылы қажетті ақпараттарды жеткізді. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, толық мәлімет берілді.
   


Комментариев нет
162 просмотров
Автор: 80mektep
Добавлено: 17.09.2020 в 22:20

Возможно вас заинтересует...!