Меню KDT
БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГТЕН ҚОРҒАУ БОЙЫНША ОНЛАЙН СЕМИНАР


 

2020 жылдың 11 қыркүйек күні «Оқушылар мен олардың ата-аналарына буллинг және кибербулингтен қорғау бойынша интерактивті сабақтарды қалай өткізуге болады» тақырыбында онлайн семинар өтті. Онлайн семинарға қазақ мектеп-гимназиясының директордың ТІЖ орынбасары Нұртаева А.Т., мектеп психологтары: Байтенова А.К., Жанахметова Г.А., сынып жетекші Нартаева З.Ғ, соған қоса мектебімізде тәжірибе өтіп жатқан Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері Назарова Г., Қожабай Н., Қожабаева А., Қалқабай А. қатысты. Семинар барысында спикерлер: заң ғылымдарының кандидаты, құқық професссоры Мухтарова А.К., "Street law Kazakhstan" білім жобасының координаторы, адам құқығы бойынша заңгер Халида Ажигулова, Гульшат Такишева адам құқығы мен міндеттерін анықтауда көмек беретін "Street law" жобасымен таныстырды. Тақырып аясында интерактивті ойын элементтері мен тәсілдері бар ақпараттар, ата-аналарға жадынамалар, оқушыларға буллинг және кибербулингтан өз-өзін қорғау ережелері көрсетілді.

 

 





Комментариев нет
346 просмотров
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 11.09.2020 в 18:00

Возможно вас заинтересует...!