← Назад к новостям
"Отбасы - өмір айнасы" апталығы

"Отбасы - өмір айнасы" апталығы

66mektep
07.09.2020 в 16:32
300 просм.
Нет комментариев

Қазақстан Республикасының отбасы күні мерекесіне орай мектебімізде "Отбасы - өмір айнасы" апталығы ұйымдастырылды.


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 66 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
ҚР-ның Отбасы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған
«Отбасы – өмір айнасы» атты апталықтың өту барысы есебі
/2020-2021 оқу жылы/

        Отбасы күні мерекесіне орай мектепішілік апталықтың жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар бойынша іс-шараға 1-11 сынып оқушылары және ата-аналар ұжымы белсенділікпен атсалысып, өз үлестерін қоса білді. Атап өтсек, 1-2 сынып оқушыларына «Отбасы – бақыт мекені» атты ертеңгілік сағаты, 5-7 сынып оқушыларына «Ата – әулеттің тірегі, әже – ұрпақтың жүрегі» тақырыбында онлайн кездесу сағаты ұйымдастырылды. Онлайн кездесу сағатына 5-7 сынып оқушыларының отбасының қазынасы, үлгі тұтар ардақты ата-әжелері қатысып, оқушыларға тәрбиелік, тағылымы мол өмір дастандарынан сыр шертіп, ақыл-кеңестерін берді, балалар тарапынан жолданған сауалдарға ұтымды жауап қайтарып, сынып сағатының көркін қыздыра түсті. Отбасы мүшелерінің өнерін паш ету, мақтан тұту, өзіндік ұстаным ерекшеліктерін насихаттау мақсатында «Өнерлі отбасы» отбасылық челленжі 1-11 сынып оқушылары арасында жарияланды. Отбасылық челленджге әсіресе 5-6 сынып оқушылары белсенділік танытып, үлестерін қоса білді. 7-8 сынып оқушылары арасында отбасы құндылығы, дәстүрлі ұстанымын дәріптеу, ата-ананың отбасындағы рөлін насихаттауға үлес қосу мақсатында «Отбасымның құндылықтары» бейнеролик шеруі ұйымдастырылды. Бейнероликте оқушылары отбасының ерекшелігі, ұстанымын  мақтан тұтып сыр шертті. 12 қыркүйек күні тәрбие ісі жөніндегі Толқын Батырбайқызының ұйымдастыруымен «Өнегелі отбасылар шеруі» тікелей эфирде сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында ынтымағы жарасқан көпбалалы отбасылар, өнегелі қариясы бар үлгілі отбасылар, өнерлі отбасылармен сұхбат жүргізіліп, ой бөлісіп, бала тәрбиесіндегі отбасының құндылықтары жайлы сыр шертіліп, оқушылар тарапынан ән-жыр шумақтары қонақ кәде ретінде тарту етілді. Отбасы мерекесіне орай жоспарланған іс-шаралардың өтуіне атсалысқан барлық оқушылар және ата-аналар, сынып жетекшілер ұжымына алғыс білдіреміз!!! Әр отбасында ынтымақ, бірлік, береке, шаттық орнасын!!!

 




 

 

 

Орынд: ТІЖО Б. Нуртазина, тел: 8702-119-38-27

Автор: 66mektep · 07.09.2020
300
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT