11.09.2020 жылы, Нұр-Сұлтан қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының оқушылар мен ата- аналар арасында «Үлгілі отбасы» және «Отбасы-бақыт мекені» атты іс-шаралар жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
11.09.2020 жылы, Нұр-Сұлтан қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының оқушылар мен ата- аналар арасында «Үлгілі отбасы» және «Отбасы-бақыт мекені» атты іс-шаралар жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігі түсіндіріліп, үлгілі отбасылардың видеороликтері көрсетілді. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту, мектеп, ұстаз, отбасы бірлігін нығайту, жанұя мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынас орнатылып, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбие беріліп, оқушылар арасында көптеген саналы пікір қалыптасты. Тәрбие сағаттарында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында оқушылардың ойлары ортаға салынды.
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына икемделіп, өсіп-өнеді. «Әйел – отбасының ұйтқысы» дей келе, әрбір баланың әкеден ақыл, анадан мейірім алып өсуіне тілектеспіз. Тәртіпті де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі-өнеге жиынтығының жемісі деп білеміз.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены