2020 жылдың 20 тамызы күні Қазақ мектеп-гимназиясында қашықтан бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысты әр сынып жетекшісі өзіне бекітілген сыныптың ата-аналарымен өткізді. Мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.Мектебімізде 47 сынып бар. Жиналысқа 978 ата-ана қатысты. Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде келесідей сұрақтар қарастырылды:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
2) Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.
3) Қашықтан оқыту: баланың мінез-құлық ережелері және жұмыс орны.
4) Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
5) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
6) Баланың оқу режимі және демалысы.
7) Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
8) Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру
9) Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.
Сынып жетекшілері ата-аналарды оқытудың тиісті форматымен ақпараттандырып, қашықтан оқыту процесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың (бұдан әрі-СанЕжН) талаптарын және оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып, синхронды және асинхронды форматта өтетіндігін түсіндірді. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы өзгерістер туралы айтылды. 1-4 сынып ата-аналарына «кезекші сыныптардың» жұмыс істеу ережелері таныстырылды. Қосымша білім беру ресурсы ретінде «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде, «ЕлАрна» телеарнасында орыс тілінде телевизиялық сабақтар ұсынылатындығы айтылды. Балалар үшін мектеп формасының міндеттілігі сақталатындығы, сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылында балаларға ыңғайлы, ұқыпты іскерлік стильдегі киімде сабаққа қатысуға рұқсат берілетіндігі ескертілді. Ата-аналарға балаларды қашықтан оқыту кезінде қолданатын оқыту құралдарымен мүмкіндігінше жабдықтау керектігі ескертілді. Сонымен қатар, білім алушының оқу күнін ұйымдастыру, оқушының оқу тәртібі мен демалысы, жеке гигиенасы, қауіпсіз интернет жүйесі бойынша ұсыныстар беріліп, ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің), білім алушылардың жауапкершілігі таныстырылды.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены