Меню KDT
«Birgemiz: ТҮЛЕК-2020»



Білім және ғылым министрлігінің «Birgemiz: ТҮЛЕК-2020» мектеп бітіру іс-шараларын өткізудің тұжырымдамасына және еліміздегі пандемия жағдайына байланысты 4.06.2020ж. күні «Қазақ мектеп-гимназиясы» КММ мектеп бітіруші оқушылары үшін «Жас түлек - 2020» атты 2019-2020 оқу жылының соңғы қоңырау шарасы мен аттестат алу рәсімі біріктіріліп мектеп ауласында өткізілді. Аттестат тапсыру барысында санитарлық эпидемиялық талаптар мен сақтық шаралары, шараға қатысушылар арасында 1-1,5м ара-қашықтық, оның алдын ала орындарының белгіленуі, маскалық режим және барынша қатысушылар санын шектеу талап етілді. Шарада түлектер мектеп формасында және түлектердің тек ата-анасы немесе заңды өкілдері қатыстырылды. Салтанатты жиында мектеп басшысы Бұлбұл Ахмадиқызы алтын ұя мектебі қабырғасынан үлкен өмірге қанаттанғалы отырған 74 түлекке жалпы білім беру туралы аттестаттарын табыстай отыра, мектептен алған білім мен тәлімді ұштап, қалаған мамандықтарына қол жеткізіп, ел дамуына өз үлестерін қосуларына сенім білдірді. Түлектеріміз 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарына жүрекжарды лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты. Мектебімізді бітіруші түлектерге жаңа өмірлеріне ақ жол, сәт сапар тілей отыра, алдағы сынақтан сүрінбей өтуге тілектестік білдіреміз!

 

 

 


Комментариев нет
214 просмотров
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 04.06.2020 в 18:00

Возможно вас заинтересует...!