← Назад к новостям
Қазақстан халқы тілдерінің күнімен құттықтаймыз!

48mektep
04.09.2020 в 13:19
307 просм.
Нет комментариев

Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін қатар тойлауда. Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келген болатын . "...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді" деп Сәкен Сейфуллин баға берген қазақтың асыл ұлы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні  Тіл мерекесімен қоса тойланатыны қалың қазақ үшін өте қуанышты жағдайда аталып өтуде.  Мектебіміздің  5 сынып  оқушылары   ақын шығармашылығынан  жатқа өлең оқу челленждеріне қатысты. Әлеуметтік желілерде бейнероликтері жарияланды.

Автор: 48mektep · 04.09.2020
307
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT