Меню KDT
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

Өскелең ұрпақ үшін ана тілінің қадір-қасиетін түсіну, ауыз әдебиетіндегі жауһар шығармалармен сусындау, ұлтымыз үшін қадірлі құндылықтарды құрметтеу бұлжымас парыз деп білемін.


   Өскелең ұрпақ үшін ана тілінің қадір-қасиетін түсіну, ауыз әдебиетіндегі жауһар шығармалармен сусындау, ұлтымыз үшін қадірлі құндылықтарды құрметтеу бұлжымас парыз деп білемін. Мектеп ұстаздары да өз сабақтарында қазақ тіліне, діліне деген сүйіспеншілігімізді оятып, отаншылдық сезімге тәрбиелеуді көздейді. Бұған дәлел, жақында  орта буын оқушылары арасында мақал-мәтел жарысы өтті. Дәстүрлі тілдер апталығына орай ұйымдастырылған бұл шараға жас ұрпақ белсене қатысқанын айтып өткім келеді. Әрине, қазақ тілінде нақыл сөздер жаттау бізге қиындық тудырған жоқ. Бірақ байқаудың шартына сәйкес орыс және ағылшын тілдерінде де мақал-мәтелдер жаттап, жарысу қажет болды. Мұндай байқауларда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар ғана топ жарады.
   Мектебіміздің 5 «Ә» сынып оқушысы Әнел Оразбаева бұл сайыста бәрімізден де оза шауып, бәйге алды. Ол үш тілге де жетік екен. Қазақша да, орысша да, ағылшынша да терең меңгерген оның алдағы уақытта талай білім сынақтарында бағы жанарына сенімдіміз. Сондай-ақ, Мұхамедияр Мұқаш, Альфия Тұрғымбекова және тағы басқа да оқушылар бұл байқауға тиянақты дайындалыпты.

                                                                              Арна ЕРДЕНОВА
                                                                        әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушысы


Комментариев нет
405 просмотров
Автор: b1416skobilim
Добавлено: 08.09.2020 в 22:08

Возможно вас заинтересует...!