← Назад к новостям
30-тамыз-ҚР Конституциясы күні

30-тамыз-ҚР Конституциясы күні

65mektep
30.08.2020 в 14:24
363 просм.
Нет комментариев

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.




Құрметті мектебіміздің ұстаздары, оқушылары мен ата-аналары! Сіздерді бүгінгі 30-тамыз-ҚР Конституциясы күнімен құттықтаймыз!
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! Құрметпен мектеп әкімшілігі🙏

Автор: 65mektep · 30.08.2020
363
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT