Қайырлы күн, азат елдің арландары, тәуелсіздіктің тарландары, ұлы даланың мұрагерлері!
Қайырлы күн, азат елдің арландары, тәуелсіздіктің тарландары, ұлы даланың мұрагерлері!
Бүгінгі күн Қазақстан Республикасының Конституциясы — АТА ЗАҢЫМЫЗ қабылданғанына 25 жыл толып отыр.
Бұл тарихи оқиға еліміздің әрбір Қазақстандық үшін ерекше маңызы зор.
Негізгі Заңымыз қабылдануымен ең жоғары құндылығы адам болып табылатын демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет құруға бағытталды.
Конституция еліміздің егемендігін, билік пен қоғам құрылымының демократиялық принциптерін бекітіп, ел дамуының нақты бағыттарын айқындап берді.
Еліміздің өркендеу кезеңдері Ата Заңымыздың тұғырлы қағидаттарын жүзеге асырумен тығыз байланысты.
Конституция - әрқайсымыз үшін бірлік пен ынтымақтың символы, мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізі болмақ.
Құрметті достар, ата-аналар және ұстаздар қауымы!
Әрбір отбасына амандық, саулық, бақ береке тілейміз.
Ел іргесі тыныш, келешегіміз кемел болсын!
Бүгінгі Конституциясы күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены