Құрметті әріптестер, оқушылар, ата-аналар сіздерді, 1-қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1 қыркүйек – әр адамның көкейінде жақсы естелік қалдыратын, жарқын да, жылы сезімдерге толы ерекше күн. Бұл күн әрбір өркениетті адам үшін жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы. Үздіксіз білім алып, кәсіби деңгейімізді дамытып отыру, заманның ағымына сай құбылыс. Осы орайда, өз мамандығын сүйіспеншілікпен атқарып жүрген барша әріптестеріме жаңа оқу жылында сәттілік тілеймін, тәжірибелеріңіз шыңдалып, білім саласында өз қолтаңбаларыңызды қалдырып, шәкірттеріңізбен бірге білім көкжиегінде шарықтай беріңіздер. Әрбір оқушымызға үлкен сенім білдіре отырып, жаңа оқу жылында толағай жетістіктерге жетіп, білімнің биік шыңын бағындыра берулеріңізге тілектеспін.

А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі қаламыздағы үздік білім ордаларының бірі. Мектебімізде өз кәсібін жоғары деңгейде меңгерген мамандар жұмыс жасайды. Оқушылардың білім алуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Ұстаздарымызбен оқушыларымыздың кез-келген жетістіктері біз үшін маңызды. 2020 жылығы мектебіміздің түлектерін мемлекеттік білім грантын жеңіп алуларымен құттықтай отырып, алдағы өмірлеріне тек жақсылық тілеймін. Мектепке алғаш қадам басқалы отырған 1-сынып оқушыларына қош келдіңдер дей отыра, басқан қадамдарың құтты болып, білім мен тәрбиені қатар меңгеріп өсулеріңізге тілектеспін.
Баршамызға белгілі, жаңа оқу жылы оңайлықпен басталғалы тұрған жоқ, алайда, мектеп ұжымы, ұстаздар қауымы қашықтан оқыту процесі оқу сапасына кері әсерін тигізбеуін алдын алып, сапалы деңгейде жұмыс жасау да аянып қалмаймыз. Осындай күрделі кезеңде бізге сенім білдіріп жатқан барша ата-аналар қауымына алғыс білдіреміз. Барша ұстаздар қауымы оқушыларымызбен мектепте қауышатын күнді асыға күтудеміз. Әлемді жаулаған індеттен халқымыз аман шығып, елімізде тыныштық орнауын тілеймін. Баршаңызды тағыда білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены