21 тамыз күні мектебімізде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында
21 тамыз күні мектебімізде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері туралы оқушыларды ақпараттандыру мақсатында "Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?" тақырыбында жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаты өтті.
Сынып жетекшілер жаңа оқу жылындағы оқу форматтары; қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру; Интернет-платформасымен танысу;Мен және менің денсаулығым;жаңа оқу жылында оқушылардың оқу жетістіктері қалай бағаланады;интернетте жұмыс істеу ережелері туралы сынды мәселелерге кеңен тоқталып, кері байланыс жасады.Қазіргі таңда болып жатқан жағдайларға байланысты балалар қашықтықтан оқуды бастады. Бұл оқудың табысты болуы тікелей өздеріне байланысты екені айтылды.Жалпы сынып сағаты 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында өткізіледі.






Автор: 68mektep
Добавлено: 21.08.2020 в 14:39