Меню KDT
Елімізде 19.08.2020 ж мектептерде жалпыреспубликалық бірыңғай педагогикалық кеңестер өтті


🖌Мектеп директорлары оқу жылы басталар алдында педагогикалық кеңестер өткізді. Педкеңес барысында педагогтерге оқыту ережелері мен кезекші сыныптарда санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары түсіндірілді. Оқушылар мен педагогтердің температурасы күнде өлшенетін болады.

🖌Сондай-ақ педагогикалық кеңесте мұғалімдерге сабақты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар талқыланды. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде орналасқан шағын жинақты мектептерде күндізгі форматта оқытуды ұйымдастыру мәселесі де назардан тыс қалмайды.

🖌Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды тақырып – карантиндік және шектеу шаралары жағдайында 2-11(12) сыныптардағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.

🖌Эпидемиологиялық жағдайларға байланысты 2020-2021 оқу жылы қашықтан білім беру форматында басталады. Ата-аналардың қалауы бойынша мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Бір сыныпта білім алушылар саны 15-тен аспайды.

вмвв


Комментариев нет
270 просмотров
Автор: 57mektep
Добавлено: 19.08.2020 в 11:07

Возможно вас заинтересует...!