Меню KDT
«ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ТУРАЛЫ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

2020 жылғы 20 тамыз күні «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.


«ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ТУРАЛЫ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
 
2020 жылғы 20 тамыз күні «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.
Ата-аналар жиналысының тұжырымдамасына сәйкес сынып жетекшісі сынып ата-аналарына коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде әр мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы ақпараттарымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс барысында сынып жетекшілері:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды айтып өтті. Ата-аналар жиналысының тақырыбы бойынша негізгі мәселелер баяндалды. Ең бастысы – ата-аналарға оқушылардың оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны, қашықтықтан оқыту режимі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сақталатыны туралы айтылды.
Ата-аналар жағдайларына қарай балаларын байланыста ұстайтындықтарын жеткізді. Мұғалімдердің әр пәндер бойынша ватсап желісінде жеке топтардың ашылғандығын, TIMS, ZOOM, CLASSRUM т.б платформаларды игеріп жатқанын мәлімдеді. Күнделік.kz байланысында екендіктерін, телесабақта көргеннен кейін, сонымен қоса:
- Қазақ радиосына, Классик радиосына арналған теле-сабақтардың аудио нұсқаларын тыңдағаннан кейін білім алушылармен кері байланыс жасау;
- интернет-платформаларды (қандай платформа), СБР (сандық білім беру ресурстары) және т.б. қолдана отырып сабақтар жүргізу, сондай-ақ компьютер мен ноутбукпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Соңғы жылдары қашықтан оқыту тәсілі жаһандық үрдіс ретінде қалыптасты. Осыған орай, қашықтықтан оқуды игеру уақыт талабы болып табылады.




Комментариев нет
407 просмотров
Автор: 68mektep
Добавлено: 20.08.2020 в 18:02

Возможно вас заинтересует...!