Елордада жаңа оқу жылы қарсаңында балаларды мектепке дайындау іс-шаралары басталды
Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысының негізінде жалпыға міндетті орта білім беру аясында
☑️киім, аяқ киім, қажетті оқу құралдарын сатып алуға;
☑️оқу орнында тамақтануға;
☑️мектептегі мәдени-бұқаралық және спорттық шараларға қатысуға болады.
☑️ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасы балалары (АӘК);
☑️мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасы балалары;
☑️жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
☑️ төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасы балалары;
☑️ білім беру ұйымының алқалы органы (қамқоршылық кеңес) айқындайтын өзге де санаттарына жататын білім алуышылар.
Ата-аналардың көмек көрсету қызметтерін жақсарту туралы ұсыныстары мен пікірлерін ескере отырып, Басқарма «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп балалардың жеке көлік карталарын қолдану арқылы жаңа механизм әзірледі.
Өткен жылы бір балаға 30 мың теңге көлемінде сертификат түрінде 12 690 оқушы көмек алса, биыл әлеуметтік көмек мөлшері бір балаға 40 мың. теңге көлемінде ұлғайтылып, 17 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарлануда. Жоғарыда айтылған 40 мың теңге баланың көлік картасына 40 мың бірлік түрінде толтырылады.
Ата-ана тауарды таңдап, сатушыға баланың көлік картасын ұсынады. Сатушы арнайы бағдарлама арқылы таңдалған тауардың ақысын картадан бірліктер ретінде алады. Әлеуметтік бірліктердің қозғалысы жеке кабинеттерде бақыланады, бұл қаражаттың ашықтығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Жалпыға міндетті орта білім беру қорынан көмек алу үшін ата-аналар баласы оқитын мектепке өтініш жазады. Өтінішті 15 жұмыс күні ішінде мектептің алқалы ұйымы қарайды. Бағдарламаны 18 тамыздан бастап 31 қазанда аяқтау жоспарлануда.



